🇰🇿16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Анкара қазақ жастары мен Көк ту қазақ мәдениеті қоғамының ұйымдастыруымен “KÖKTUĞ Quiz” білім додасы ұйымдастырылды. Интеллектуалды сайысқа қазақ және түрік студенттер қатысты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, Алаш тақырыптары қамтылған сайыста студенттер өте белсенді болды.nn4 турдың нәтижесі бойынша 1-орынды “CEDİTÇİLER” командасы, 2-орынды “KIR BALASI” командасы, 3-орынды ALTI ALAŞ командасы иеленді. nnСайыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен демеушіміз “Kartallar Holding” басқарма төрағасы Хасан Картал мырзаға ерекше алғыс айтамыз. Көрсеткен қолдауыңыз жастардың білімге деген ынтасын арттыруға үлкен үлес қосты. nnСтуденттер өз білімдерін тиімді қолдана отырып, танымдық әрі мазмұнды тәжірибе жинақтады.nnАталған іс-шараға қатысқан барлық командаларға, сондай-ақ Көк ту қазақ мәдениеті қоғамына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. #Etkinlik
