15-наурыз 2026 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум болып өтті. Түркиядағы басты сайлау пункті Анкарадағы Қазақстан елшілігінде айтулы күн басталмай жатып дайындықтар басталып кеткен болатын. Өйткені көршілес қалалардан келетін қазақстандық студенттерді күтіп алу, олармен уақыт өткізу, тағам тарату, көмектесу секілді міндеттерді ұйымымыз Елшілікпен бірге атқарып шықты. Қазан-қазан асылған дәмді палаудың дайындалу процесінен, тағам тарату, концерт өткізу, ойындар ойнатуға, ең соңында жинастыру жұмыстарына дейінгі істерде ұйымымыздың белсенді студенттері өте жоғары дәрежеде жауапкершілік танытты. Жаңа таныстықтар орнатып бір сергіп қайтқан мыңға тарта студент Анкарадағы қазақ жастарына көп алғыс айтты.
Kategori: Etkinlikler
Қазақ жігіттерінен аруларға арналған кеш
8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай Анкарада қазақ қыздарына арнап кеш ұйымдастырылды. Анкара Қазақ Жастары басшылығының бастамасымен қазақ жігіттері өткізген кеш көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Ән шырқалды, гүл тарқатылды, ойындар ойналып би биленді. Кеш барысында ұйым басшысы Жантөре Бектасов және басқарма мүшесі Амандық Тілепберген бастаған жігіттер аруларымызға арнап құттықтау тілектерін жеткізді. Бұл кеш осымен үшінші жыл қатарынан өткізілген 8-наурыз кеші болды. Кешке қатысушы аруларымыз жақсы әсер алып алғысын жаудырды. Осындай кештер қазақстандық студенттер арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты арттыра түсетініне сенімдіміз.
КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ
Құрметті Анкара қазақ жастары! Сіздерді Анкара университеті Әлеуметтік ғылымдар институтының «Журналистика» мамандығы бойынша докторанты Наргиз Бекеннің қаламынан туған «Қазақстан медиасында әйел болу» атты монография-кітабының тұсаукесер рәсіміне шақырамыз. 🗓 Өтетін күні: 24.01.2026n 🕔 Басталу уақыты: 17:30nn 📍 Мекенжайы: Sakuder Art Gallery (Bestekar Cd. No:28, Kavaklıdere, Çankaya/Ankara) https://maps.app.goo.gl/AGZiaRKWSaNMycdu7?g_st=icnn✨ Қатысуларыңызды қуана күтеміз! #etkinlik Instagram’da Gör
Sezim AUEN 2 Шынайы сезімге толы лирикалық ән кеші өтті…
“Sezim AUEN 2” 🎶nШынайы сезімге толы лирикалық ән кеші өтті.nӘр ән — бір сыр, әр сәт — ерекше әсер. ✨nЕстелікке толы кештен үзінді… #Etkinlik Instagram’da Gör
Театр қойылымынан кейінгі пікірлер топтамасы Etkinlik
Театр қойылымынан кейінгі пікірлер топтамасы🗣️ #Etkinlik Instagram’da Gör
Сәлем достар Сағындырған әндер аййййй деп СЕЗІМ ӘУЕН сахнаға қайта…
Сәлем достар!!!nnСағындырған әндер аййййй! -, деп “СЕЗІМ ӘУЕН” сахнаға қайта оралды🥳🥳🥳nnАнкараның аязды күндерінде, сай сүйегің қақсайтын түндерінде бірге ән шырқайық! nnСол баяғы, өзіміз, “өз” әндеріміз, өзіміздің жер – Кафка)nn📅 28.12.2025n📍 Kafka, Olgunlar caddesinn🎫 Билеттер есік алдында сатыладыn Құны: 150 TL (Осы бағаға бір алкогольсіз сусын немесе шот кіреді) Instagram’da Gör
Көк ту қазақ мәдениеті қоғамымен бірге ұйымдастырған шарамызға қатысушылардың пікірі…
“Көк ту” қазақ мәдениеті қоғамымен бірге ұйымдастырған шарамызға қатысушылардың пікірі✨n#etkinlik Instagram’da Gör
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Анкара қазақ жастары мен…
🇰🇿16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Анкара қазақ жастары мен Көк ту қазақ мәдениеті қоғамының ұйымдастыруымен “KÖKTUĞ Quiz” білім додасы ұйымдастырылды. Интеллектуалды сайысқа қазақ және түрік студенттер қатысты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, Алаш тақырыптары қамтылған сайыста студенттер өте белсенді болды.nn4 турдың нәтижесі бойынша 1-орынды “CEDİTÇİLER” командасы, 2-орынды “KIR BALASI” командасы, 3-орынды ALTI ALAŞ командасы иеленді. nnСайыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен демеушіміз “Kartallar Holding” басқарма төрағасы Хасан Картал мырзаға ерекше алғыс айтамыз. Көрсеткен қолдауыңыз жастардың білімге деген ынтасын арттыруға үлкен үлес қосты. nnСтуденттер өз білімдерін тиімді қолдана отырып, танымдық әрі мазмұнды тәжірибе жинақтады.nnАталған іс-шараға қатысқан барлық командаларға, сондай-ақ Көк ту қазақ мәдениеті қоғамына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. #Etkinlik Instagram’da Gör
UKDADA Kazak Kültür Günü Düzenlendi Dün 5122025 tarihinde UKDA Akademi…
UKDA’DA Kazak Kültür Günü Düzenlendi 🇰🇿🇹🇷nn🇹🇷 Dün 5.12.2025 tarihinde UKDA Akademi merkezinde Kazak öğrenci gençler tarafından Kazak Kültür Günü düzenlendi. Programda Kazakistan hakkında tanıtım videosu izletildi, küy icra edildi ve Kazak halk kültürü ve yaşamı ile ilgili uygulamalı sunumlar yapıldı. Akşamın en gözde anı Kazak gelenleklerinden Betaşar (Duvak Açma) geleneğinin gerçekleştirilmesi oldu. Program sonrasında Türkistan mutfağından yemek ve tatlılar misafilere ikram edildi.nn🇰🇿 Кеше 5 желтоқсан күні UKDA Академиясы орталығында Қазақ Мәдениеті кеші өтті. Кешті ұйымдастырған қазақ студент жастары Қазақстан жайлы қысқаша ақпараттық видео көрсетті, қазақ тұрмыс-салтын қолданбалы түрде баяндап берді. Әсіресе Беташар дәстүрінің қойылуы, киіз үй макеті, бас тарту, қолға су құю, шашу секілді әдет-ғұрыптар қонақтарды таң-тамаша етті. Іс-шараның соңында Қазақ дастарханының ең дәмді тағамдары мен тәттілері тарту етілді.n#etkinlik Instagram’da Gör
Анкарадағы Қазақ дебат клубымен бірлесіп Qurultai Cup II турнирін өткіздік…
Анкарадағы Қазақ дебат клубымен бірлесіп Qurultai Cup II турнирін өткіздік.nnБұл жолы Мугла, Ескишехир, Карабүк және Сакарья қалаларынан келген қатысушылар бас қосып, білім мен пікір сайысында өзара бақ сынады.nn🥇 Жүлделі орын — Мугла қаласының “Бойжеткен” фракциясына бұйырды!nҚұттықтаймыз! 🎉nnБарлық қатысушылар TÜRKSOY алғыс хатымен және Яссауи Университетінің арнайы сыйлығымен марапатталды.nnҚатысушыларға қолдауы мен белсенділігі үшін алғыс айтамыз!nnЖастарымыздың білімге, пікірталас мәдениетіне деген қызығушылығы қуантарлық. 💙n#QurultaiCup #KazakhYouthAnkara #Debate #TürksoylıJastar #Қазақстан #Анкара#Etkinlik Instagram’da Gör
