Ankara Qazaq Jastary

Қазақстаннан арнайы іссапармен келген ҚазҒАСА университетінің ректоры Бақтияр Сабденалиев мырза…

📸 Instagram Albümü 8 görsel
💡 Görsellere tıklayarak büyütebilirsiniz

Қазақстаннан арнайы іссапармен келген ҚазҒАСА университетінің ректоры – Бақтияр Сабденалиев мырза және ҚазҒАСА университетінің проректоры – Жанғазы Молдамуратов мырза Анкараға ресми сапар жасап, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.nnҚұрметті қонақтарымыз Анкара Хаджы Байрам, Йылдырым Бейазит, және ÖDTÜ университеттерінің ректорларымен жүздесіп, білім саласындағы өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында маңызды келісімшарттарға қол қойды. Бұл – екі ел жастары үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылғанын білдіреді.nn🗣️ Осы кездесулер барысында біздің ұйымның басшысы Жантөре Бектасов аудармашы ретінде қолдау көрсетіп, Анкарадағы қазақ студенттерінің белсенділігі мен кәсібилігін жоғары деңгейде танытты.nБілім саласындағы осындай қадамдар – болашақ мамандардың дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. #Haber

Yayım tarihi
Ziyaretler olarak sınıflandırılmış