Шырақ клубының алғашқы кездесуіnnАнкарадағы қазақ жастары құрған “Шырақ” ғылыми-танымдық клубы 16-қазан күні мәдениеттанушы ғалым, жазушы Зира Наурызбаймен кездесу өткізді. @ankaraqazaqjastary ның қолдауымен @ukdaakademi де өткен жиынға TÜRKTAV басшысы Әсел Лахаева, UKDA орталығының басшысы Фахри Темизюрек, ұйымымыздың төрағасы Жантөре Бектасов және магистрант және докторант қазақ студенттері қатысты.nn Ғалым сұхбат барысында қазақ әдебиеттанушы ғалымы Таласбек Әсемқұловтың өмірі және шығармашылығы жайлы әңгімелеп берді. Сұхбаттың толық нұсқасы жақында @shyraq.podcast та жарияланады.nnАнкара қазақ дебат клубы, STEM клубы секілді “Шырақ” клубы да ойлануды жақсы көретін жастардың ортасына айналады деп сенеміз және жаңа клубқа сәттілік тілейміз!
