
8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай Анкарада қазақ қыздарына арнап кеш ұйымдастырылды. Анкара Қазақ Жастары басшылығының бастамасымен қазақ жігіттері өткізген кеш көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Ән шырқалды, гүл тарқатылды, ойындар ойналып би биленді.

Кеш барысында ұйым басшысы Жантөре Бектасов және басқарма мүшесі Амандық Тілепберген бастаған жігіттер аруларымызға арнап құттықтау тілектерін жеткізді.


Бұл кеш осымен үшінші жыл қатарынан өткізілген 8-наурыз кеші болды. Кешке қатысушы аруларымыз жақсы әсер алып алғысын жаудырды. Осындай кештер қазақстандық студенттер арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты арттыра түсетініне сенімдіміз.

