15-наурыз 2026 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум болып өтті. Түркиядағы басты сайлау пункті Анкарадағы Қазақстан елшілігінде айтулы күн басталмай жатып дайындықтар басталып кеткен болатын. Өйткені көршілес қалалардан келетін қазақстандық студенттерді күтіп алу, олармен уақыт өткізу, тағам тарату, көмектесу секілді міндеттерді ұйымымыз Елшілікпен бірге атқарып шықты. Қазан-қазан асылған дәмді палаудың дайындалу процесінен, тағам тарату, концерт өткізу, ойындар ойнатуға, ең соңында жинастыру жұмыстарына дейінгі істерде ұйымымыздың белсенді студенттері өте жоғары дәрежеде жауапкершілік танытты. Жаңа таныстықтар орнатып бір сергіп қайтқан мыңға тарта студент Анкарадағы қазақ жастарына көп алғыс айтты.

