15-наурыз 2026 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум болып өтті. Түркиядағы басты сайлау пункті Анкарадағы Қазақстан елшілігінде айтулы күн басталмай жатып дайындықтар басталып кеткен болатын. Өйткені көршілес қалалардан келетін қазақстандық студенттерді күтіп алу, олармен уақыт өткізу, тағам тарату, көмектесу секілді міндеттерді ұйымымыз Елшілікпен бірге атқарып шықты. Қазан-қазан асылған дәмді палаудың дайындалу процесінен, тағам тарату, концерт өткізу, ойындар ойнатуға, ең соңында жинастыру жұмыстарына дейінгі істерде ұйымымыздың белсенді студенттері өте жоғары дәрежеде жауапкершілік танытты. Жаңа таныстықтар орнатып бір сергіп қайтқан мыңға тарта студент Анкарадағы қазақ жастарына көп алғыс айтты.
Yazar: kazakistan
Қазақ жігіттерінен аруларға арналған кеш
8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай Анкарада қазақ қыздарына арнап кеш ұйымдастырылды. Анкара Қазақ Жастары басшылығының бастамасымен қазақ жігіттері өткізген кеш көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Ән шырқалды, гүл тарқатылды, ойындар ойналып би биленді. Кеш барысында ұйым басшысы Жантөре Бектасов және басқарма мүшесі Амандық Тілепберген бастаған жігіттер аруларымызға арнап құттықтау тілектерін жеткізді. Бұл кеш осымен үшінші жыл қатарынан өткізілген 8-наурыз кеші болды. Кешке қатысушы аруларымыз жақсы әсер алып алғысын жаудырды. Осындай кештер қазақстандық студенттер арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты арттыра түсетініне сенімдіміз.
Аруларды мерекелік кешке шақырамыз
8 наурыз мерекесіне орай Анкара қазақ жігіттері сіздерді мерекелік кешке шақырады 🌷 Күні: 08 НаурызУақыты: 16:00Мекен-жай: Çeşme Alaçatı Ankara Кеш кафеде өтеді. Мәзірден өзіңіз қалаған сусын немесе тамаққа тапсырыс бере аласыз. Қазір Рамазан айы болғандықтан, кешіміздің барысында ауыз ашу уақытына да сәйкес келеді. Сол себептен ауыз ашу уақытында қалаған тағамдарыңызды менюден заказ беруге болады.Тамақ заказ берген жағдайда шамамен адам басына 500–650 лира көлемінде шығып қалуы мүмкін.Кеште сіздерді:
Қазақ студенттері YTB ауызашарында | Kazak Öğrenciler YTB İftarında
YTB мекемесінің бас мекемесінде жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі ауызашар жиындарының алғашқысы 25 ақпан 2026 жылы өтті. Алғашқы ауызашарға Қазақстандық студенттер да қатысып Қазақстан стендін құрды. Ұлттық нақышта киініп келген студенттеріміз жылдағыдай қазақ мәдениетін озық таныстырып ынтымағын көрсетті.
